ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ FACE ID ЖҮЙЕСІ

0

16 сәуір күні аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Балпукова «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің оқытушыларымен кездесу өткізді.

Аталған кездесу облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемовтың төрағалығымен өткен кеңестің хаттамалық тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды. Кездесу барысында орталық тарапынан ұйымдастырылатын тілдік курстарға қатысушыларды тіркеу үдерісін оңтайландыру мақсатында автоматтандырылған жүйе (Face ID) арқылы тіркеу қызметі енгізілетіні түсіндірілді. Жүйенің қызмет ету тәртібі мен артықшылықтары бойынша оқытушыларға қажетті ақпарат берілді. Сонымен қатар, бөлім басшысы С.Балпукова қазақ тілінің мәртебесін көтеру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде орталық оқытушыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Кездесу қорытындысында оқытушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.