Жас сарбаздар әскерге бейімделуде

0

Гвардейск гарнизонының Құрлық әскерлеріне қарасты оқу-жаттығу орталығының жас толымдары — сарбаздар атыс қаруынан алғашқы жаттығуды орындады.

Қазіргі таңда жас сарбаздар әскери қызметке бейімделу кезеңінен өтуде. Әскери бөлімнің сарбаздары жоспарға сәйкес атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындады.
Іс жүзінде атыс даярлығы сабағында карантин талаптары ескеріліп, ара қашықтық сақталды. Атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындау барысында қауіпсіздік шаралары сақталды.
Жас сарбаздар қарудың құрылымын және бастапқы жаттығу мен ату кезіндегі қауіпсіздік ережелерін жатқа меңгерді. Сондай-ақ, атыс даярлығы сабағы барысында олар практикалық оқу орнынан бөлек оқу нүктелерінде атыс қаруынан атуға дайындалу, атыс қаруын дұрыс көздеу және тағы басқа нормативтерді орындады.
— Бүгінгі күн ұмытылмастай есте қалды. Алғаш рет атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындадық. Мен, жаттығуды орындау барысында үлкен жауапкершілікті сезіндім. Офицерлер мен сержанттар бізге қаруды қолданудың әдістерін үйретті. Мен, әскерге келгенімді Отан алдындағы борышым деп санаймын, — деді жас сарбаз, қатардағы жауынгер Әділ Әбенов.
— Бүгінгі бастапқы жаттығу жас сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеріп, оларға үлкен жауапкершілікті сезіндірді. Олардың қызығушылығы артып, көңілдері қуанышқа бөленді, — деді ұлан майоры Рүстембек Дәрменбаев.

Гвардейск гарнизоны
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.