2025 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар туралы

0

Қордай ауданы бойынша Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Саяков Габит Серикжанович 2025 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясы барысында басқарма басшысы болжамдық сомалардың, бересінің, әкімшілік жазалардың және қосымша резервтердің орындалуын атап өтті.

2025 жылдың 3 айына Мемлекеттік бюджет салықтық түсімдер бойынша бекітілген жоспар сомасы 3 882,9 млн.теңге болса, бюджетке  нақты түскені 4 352,5 млн.теңгені құрап, жоспар 112,1% пайызға орындалды немесе түсім көлемі 469,6 млн.теңгеге кем түсті. 2024 жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 97,4 пайызды  құрап, түсім 117,3 млн. теңгеге кеміген.

Республикалық бюджет салықтық түсімдер бойынша бекітілген жоспар сомасы 1 675,5 млн.теңге болса, бюджетке  нақты түскені 1 137,4 млн.теңгені құрап, жоспардың орындалуы 67,9 % құрап, 538,1 млн.теңгеге кем орындалды, өсу қарқыны 69,0%, немесе 2024 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда түсімдердің кемуі 512,2 млн.теңгені құрады.

Жергілікті бюджет салықтық түсімдер бойынша бекітілген жоспар 2 207,4 млн.теңге болса, бюджетке нақты түскені 3 215,1 млн.теңгені құрап, жоспар 145,7% орындалды немесе түсім көлемі 1 007,7 млн.теңгеге артығымен түсті, өсу қарқыны 114,0%, немесе 2024 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда түсімдердің  өсуі 394,9 млн.теңгені құрады.

Оның ішінде:

Облыстық бюджет бойынша жоспар сомасы 1 095,5 млн.теңге, нақты түскені 1 123,3 млн.теңге, орындалуы 102,5% немесе 27,8 млн.теңгеге артығымен түсті, өсу қарқыны 98,4%, немесе 2024 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда түсімдердің  өсуі 17,9 млн.теңгені құрады.

Аудандық бюджеттің бекітілген болжам сомасы 1 381,1 млн.теңге, нақты түскені 2 091,8 млн.теңге, болжам 188,1% орындалды,  яғни 979,9 млн.теңгеге артық түсті, өсу қарқыны 124,6%, немесе 2024 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда түсімдердің  өсуі 412,9 млн.теңгені құрады.

2025 жылдың 31 науырыз айы жағдайына аудан бойынша 157314 салық төлеуші тіркелген, оның ішінде 2343 – заңды тұлғалар, 9124 – жеке кәсіпкерлер тіркелген (оның ішінде 2072 шаруа қожалықтары).

2025 жылдың 3 айына қосымша резервтері  бойынша бекітілген жоспар 292,5  млн.тенге болса, өндірілгені 531,0 млн.тенгені құрап жоспар 181,5 % яғни  238,5 млн. тенге артық   өндірілді.

Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанында айында түсімдер жоспар бойынша 606,2 млн. теңгені құраса, нақты түскені 1050,2млн.теңгені құрап, болжам 173,3 пайызға орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 128,8 %-ды құрады немесе 235,0 млн.теңгеге көп түскен.

Өндірістік емес төлемдерден түсетін ең көп кіріс көздері «заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы» — 346,1 млн.теңге және «жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық» – 550,9 млн.теңге.

Мемлекеттік кірістер басқармасы салық және бюджетке төленетін төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, сондай-ақ қосымша резервтерді іздестіру бойынша 2025  жылға міндеттері қояды.

2025 жылдың 1 тоқсанында (авиациялық жанармайсыз) және дизельдік отын (БСК 105284) бойынша болжамды сомасы 15,0 млн теңге, бюджетке нақты 15,2 млн теңге түсті немесе болжам 101,3 % пайызға орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 105,8 % немесе 0,8 млн.теңгеге артық.

Акцизді әкімшілендіру бойынша РБ-ке қосымша резерв жоспары 2025 жылдың 1 тоқсанында 0,241 млн.теңге, нақты түскені 0,373 млн.теңге, орындалуы —  154,8 %

Акцизді әкімшілендіру бойынша ЖБ-ке (БСК 105274, 105284) – қосымша резерв жоспары 2025 жылдың 1 тоқсанында – 0,233 млн.теңге, нақты түскені 0,357 млн.теңге, орындалуы – 153,2 % немес 0,123 млн.теңгеге көп түскен.

Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.