Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара барысында Қарулы Күштердің тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Шараға Оңтүстік өңірлік қолбасшылықтың тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары полковник Нұржан Өмерзақов, әскери бөлім командирлерінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасарлары, әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жасау қызметінің басшылары және жасөспірім балалар қатысты. Барша қатысушылар батыр бабалардың рухына тағзым етіп, Отанға деген шексіз құрмет пен ризашылық сезімдерін білдірді. Іс-шара соңында Гвардейск гарнизоны Астана өңірлік қолбасшылығына челлендж жолдап, бұл игі дәстүрді барлық әскери бөлімдерде жалғастыруға үндеу тастады.