Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Д.Сүгірбайдың жетекшілігімен аудан бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, комиссия мүшелері Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Елеусізова, аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Т.Ошанов, аудандық Мансап орталығы филиалының директоры С.Көпешов жыл басынан бүгінгі күнге дейін пробация қызметі есебінде тұрған азаматтармен атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері аталған санаттағы азаматтарға қатысты проблемалық мәселелерді талқылады. Комиссия отырысын қорытындылай келе, комиссия төрайымы Д.Сүгірбай квота аясында жұмысқа орналасқан азаматтарға МЗЖ төлемдері уақтылы аударылуын қадағалауды, 2-тоқсанда пробация есебінде тұрған азаматтардың отбасыларының тұрмыс жағдайын зерделеуді жандандыруды, бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған азаматтарды жұмыспен қамту, пробация қызметінің есебіндегі азаматтарды тиісті бөлімдермен бірлесіп, жиі мәдени және қоғамдық іс-шараларға тартуды тапсырды.