СЕНБІЛІК ҚАРҚЫН АЛДЫ

human hand holding city
0

Бейсенбі күні елімізде жарияланған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қордай ауданында ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды. Игі іске аудандық әкімдікке қарасты барлық бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері белсене атсалысты.

Шара барысында Қордай ауылының орталық көшелерінде сенбілік жұмыстары жүргізіліп, арықтар мен жаяу жүргінші жолдары күл-қоқыстан тазартылды. Қызметкерлер қоқысқа толған арықтарды аршып, көше бойына шашылған тұрмыстық қалдықтарды жинап, абаттандыру жұмыстарына үлес қосты.

Бұдан бөлек, сенбілік кезінде тазалық талаптарына мүлде мән бермеген үш кәсіпкерлік нысаны анықталып, оларға тиісті ескерту жасалды. Сонымен қатар, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, аталған кәсіп иелеріне әкімшілік айыппұлдар салынды.

Аталмыш шара аудан тазалығын сақтау ғана емес, ауыл тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың да маңызды бөлігі екені сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.