Қазіргі кезде еліміздің саяси өмірінде сайлау маңызды рөл атқаруда. Мемлекеттің болашағы саяси науқанға байланысты екені де жасырын емес. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің Ата заңында оны жүзеге асырудың ережелері мен нормаларына ерекше басымдық береді.
Соңғы үш жылда әлемнің озық тәжірибесіне сүйене отырып, еліміздің сайлау жүйесіне оң өзгерістер енгізілгені белгілі. Сол өзгерістердің бірі — комиссия мүшелерін кәсібилендіру.
Аталған өзгерістерге сәйкес, Қордай аудандық аумақтық сайлау комис-сиясының 3 мүшесі өз міндеттерін тұрақты кәсіби негізде атқаруда. Бұл өзгерістердің негізгі себебі — еліміздегі сайлау процестерінің тұрақты әрі үзіліссіз жүргізілуі және қос тараптың жауапкершілігін едәуір күшейтті. Межеленген міндеттер мерзімінде, өзекті мәселелер өз уақытында орындалды.
Кәсіби өсудің кілті — біліктілікті арттыру, ал біліктілікті арттыру — өз білімін жетілдірудегі басты қадам. Осы қағидаға сүйене отырып, комиссия мүшелерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында Сортөбе, Степной және Сұлутөр учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту-семинары өткізілді.
Дәстүр бойынша, 2025 жылғы 5, 6 және 7 ақпандағы Дүниежүзілік сайлау күніне орай, Қордай аудандық сайлау комиссиясы ұйымдастырған іс-шаралар өткізілді.
«Дүниежүзілік сайлау күніне» арналған іс-шаралар бағдарламасына сәйкес, №7 Бетқайнар колледжінің студенттерімен, «Қордай» Гуманитарлы-экономикалық колледжі» студенттерімен және М.Лермонтов атындағы №16 орта мектептің 10-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстелдер, кездесу ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 5 ай ішінде аудан бойынша 3 ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өткізілді.
Сортөбе және Сұлутөр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 4 жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, ал Степной ауылдық округі әкімінің сайлауы әкімнің өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты тағайындалды. Ұсыну мерзімінде 15 кандидат ұсынылды, орта есеппен 1 орынға 5 үміткерден. Ұсынған кандидаттардан: 1 – кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының көзделген талаптарына сәйкес емес, 1—кандидаттың кандидат ретінде тіркеуге қажетті құжаттардың толық тізбесін ұсынбауына байланысты тіркеуден бас тартылды. Бұдан басқа, 6 кандидатқа қатысты жүргізілген арнайы тексерудің теріс нәтижесі негізінде, кандидат ретінде тіркеуден шығарылды. Тіркеуден шығару туралы шешім бюллетеньдер шығарылғанға дейін қабылданды. Сайлауларға 7 кандидат қатысты.
Жалпы 3 округ бойынша сайлаушылар тізіміне 15587 азамат енгізілді. Дауыс беруге — 9639 сайлаушы. Орташа сайлаушылардың келуі – 61,84 пайыз құрайды. Өткізілген сайлаулар кезінде Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 36 отырысы өтті. Отырыстарда 68 сұрақ қаралып, 32 шешім және 6 қаулы қабылданды.
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру барысында тіркелген кандидаттар және олардың сенім білдірген адамдарымен — 3 рет семинар-кеңес ұйымдастырылып, үгіт жүргізу құқығы мен тәртібі және заңнама талаптары түсіндірілді.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған сайлауларды өткізу барысында кандидаттар мен сайлаушылар арасында өткізілген 9 кездесуге Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысып, сайлаушыларға заң талаптарын түсіндірді.
Соңғы сайлау науқандардың тәжірибесі көрсеткендей, бақылаушылар саны сайлаудан сайлауға қарай үнемі өсіп келеді. Жоғарыда аталған сайлаулар барысында 32 байқаушы сайлау процесінің ашықтық қағидатына сәйкес өтуін бақылады. Жалпы орта есеппен алғанда әрбір сайлау учаскесіндегі жұмыстарға байқаушы функциясын атқару мақсатында 3,2 адамнан жоғары қатысты, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,5 өсті.
Сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, сайлаушылардың тиісті ақпараттарға қол жеткізуі мақсатында 2025 жылдың 5 ай ішінде «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетіне сайлау комиссияларының жұмысы бойынша 16 материал, Қордай ауданы әкімдігінің ресми сайтындағы «Сайлау» парақшасында 58 хабарлама және аумақтық сайлау комиссиясының әлеуметтік желідегі парақшасында 48 материал жарияланды. Дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабарлау үшін учаскелерге А5 форматта — 15587 дана және А3 форматта – 90 дана шақыру қағаз дайындалып, таратылды.
Аудан бойынша дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін 493 сайлаушы тіркелді. Олардың арасында: тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер – 252, көру қабілеті бұзылғандар – 109, есту қабілеті бұзылғандар –132. Аталған азаматтарға дауыс беруіне барлық жағдай жасалады. Қордай ауданы бойынша сайлау науқаны кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін 11 сайлаушы сайлау учаскелерге келіп дауыс берді.
Аудан аумағында сайлаушылардың саны да жыл сайын артып келеді. Сайлау учаскелері орналасқан аумақтар бойынша сайлаушылар санына аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан үнемі мониторинг жүргізіліп тұрады.
Сонымен қатар, осы жаз айында Бетқайнар, Үлкен-Сұлутөр және Қаракемер ауылдық округі әкімдерінің өкілеттігі аяқталуына байланысты әкімдер сайлауын өткізу жоспарланып отыр.
Ауылдық округ әкімдерінің сайлау өткізу мен ұйымдастыру кезеңінде арыз-шағымдар түскен жоқ.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан 2025 жылы бес ай ішінде жоспарланған жұмыстар толығымен атқарылды.
Асылбек СЫРЛЫБАЕВ, Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы