«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қордай ауылында жоспарлы түрде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы Қордай–Тараз және Қордай–Алматы бағытындағы негізгі автожол бойында өсіп тұрған қураған ағаштар бұталанып, тазарту жұмыстары қолға алынды.
Аталған жұмыстарды орындауға жауапты мердігері — «Ализа» жеке кәсіпкерлігі. Ағаш бұтақтарының артық, қураған әрі жол қозғалысына кедергі келтіретін бөліктері кесіліп, арнайы техникамен шығарылды.
Жол бойындағы ағаштарды уақытылы күтіп-баптау — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ауылдың сыртқы келбетін жақсартуға да септігін тигізеді. Бұл жұмыстар қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жағдайды жақсарту бағытында жүргізілуде.
Сонымен қатар, ауылға кіреберіс аумақта да санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда. Көкжелектердегі арамшөптер тазартылып, қураған шөптер орылып, аумақтың жалпы көрінісі жаңартылды. Ауылдың кіреберіс бөлігі абаттандырылып, көркейту жұмыстары қарқын алуда.
Ауыл әкімі Әділет Қаспақбаев кәсіпкерлік нысандарды аралап, нысан иелерімен кездесті. Кездесу барысында олар кәсіпкерлерге нысан маңын ретке келтіру, тазалықты сақтау, аумақты көгалдандыру және ескі жарнамалық баннерлер мен тақтайшаларды жаңарту қажеттігін жеткізді.
Ауыл әкімдігі аппараты Қордайдың көркі мен санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыра беретінін мәлімдеді. Сонымен қатар, жергілікті билік кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарын туған жердің тазалығы мен сұлулығын сақтауға белсенді атсалысуға шақырды.