Біліктілікті арттыру маңыздылығы

0

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру міндеті объективті түрде бірінші орынға шығады. Осы мәселені шешуге назар аудармай, білім беру жүйесін модернизациялау, білім беру сапасы қазіргі дамушы экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес келуі керек оқу орындарының түлектерін даярлауды қамтамасыз ету мүмкін емес. Отандық білім беру жүйесін дамыту жағдайында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру үдерісіне жаңа теориялық және практикалық тәсілдерді және оларды енгізу тетіктерін іздеудің маңызы зор. Біліктілікті арттырудың заманауи жүйесі педагогикалық қызметкерлер мұғалімдерді оқытудың ең тиімді формаларын іздеуде. Курстық жұмыстың тиімділігін арттыру міндеті үздіксіз білім беру жүйесінің алдында тұрған бірқатар міндеттердің бірі болып табылады.

Бүгінгі жастар – «Мәңгілік елдің» болашағы. Болашағымыз жастарды тәрбиелеуде біз ең алғашқы баспалдақ өскелең ұрпақтардан бастаймыз. ал сол ұрпақтың тәрбиелі де білімді болып шығуы ұстаздар қауымының қолында. Ұстаздары қанша білікті, тәжірибелі болса тәрбиеленушіде білімді болып шығары сөзсіз. Саналы да сапалы болашақ алу үшін біз әрдайым жаңашылдыққа, жаңалықтарға құлақдар болуымыз керек. Өзіміздің заман талабына сай білімімізді жаңартып біліктілігімізді арттырып отыруымыз керек. Қазіргі дамыған заманда көптеген заманауи техникалар және технологиялар, әдіс – тәсілдер дамып жатыр. Әр ұстаз сол жаңалықтардан құр қалмай, білімді ұрпақ тәрбиелегісі келсе білімін жаңалап отырғаны абзал.

Бүгінде ауданымызда Қазақстан  Республикасы Оқу-Ағарту Министрлігі «Өрлеу» АҚ Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы ұйымдастырған  «Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту»  тақырыбында физика пәні мұғалімдеріне  арналған  біліктілікті арттыру курсы бастау алды. Курс кураторы: Мирзалиева Эльмира Бексултановна.

Осы қысқа мерзімді курс барысында сол  жаңа әдіс – тәсілдерді  ұстаздар игереді. Мысалы: жаратылыстану сауаттылығын дамытудағы Stem технологиялары, физика сабағында зерттеушілік әрекет арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістемесі, Stellarium.org қосымшасын астрономияны оқытуға кіріктіру: қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, планеталарды, жұлдыздарды және галактикаларды бақылаудың кеңейтілген мүмкіндіктері, пәнаралық байланыс аясында физика сабағында интерактивті тапсырмаларды әзірлеу үшін WEB-сервистер (LearningApps, Wordwall, еТрениктер, Взнания, OnlineTestPad, sites.google.com және т.б.) физика сабағында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану (Chat Gpt, magic school, slidesgo)    Келешекте оқу орындары мен осы «Өрлеу»  біліктілікті арттыру  ұлттық орталығы арасында көбірек байланыс болып оқытушылар біліктіліктерін сапалы арттырып отырса ел болашағының жарқын боларына сенеміз. Біліктілікті арттыру жүйесіндегі оқытудың тиімділігі бұл оның сапасының негізгі параметрлерінің бірі. Факторлар қарастырылады, мұғалімдерді оқытудың тиімділігі мен сапасына әсер ететін, демек олардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейі.

Н.Сатова, аудандық білім бөлімінің математика, физика пәні әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.