Футбол алаңында әріптестер

0

Қордай ауылының орталық саябағында Қордай аудандық мекемеаралық футбол турнирі өтті. Спорттық жарысқа Қордай ауданы әкімдігінің бөлім және мекеме қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат аппараты, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінен құралған 8 команда қатысты.

Бұл шара аудан әкімі Б.Болатбековтың бастамасымен ұйымдастырылып, аудандық мекемелер арасында достық қарым-қатынасты нығайту, денсаулықты сақтау және спортты насихаттау мақсатында өткізілді.

Турнир барысында қатысушылар кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, өзара бәсекеге түсті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз команда анықталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бұл спорттық іс-шара аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің ынтымақтастығын арттыруға және спорттық рухты көтеруге үлкен септігін тигізді десек болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.