Қордай ауданы полиция бөлімі қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау мақсатында сенбілік өткізді. Шара барысында бөлім қызметкерлері көшелерді, қоғамдық орындарды, мекеме маңын тазалап, күл-қоқыстан арылтты.
Сенбілік – тек тазалық жұмыстары ғана емес, сонымен қатар ұжымдық рухты нығайту мен қоғамға үлес қосу мақсаты бар маңызды шара. Полиция қызметкерлері өз істерімен тұрғындарға үлгі көрсетіп, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға үлес қосты.
Қордай ауданы полиция бөлімі алдағы уақытта да мұндай шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама аудан тұрғындары тарапынан оң бағаланып, қоғамдық белсенділікке жол ашты.