Қордай ауылы №198 17 маусым 2025 жыл
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84 бабының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауының негізінде Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі аумағында, Сортөбе ауылы Лодан Парса көшесінің бойындағы 200 орындық емхана автотұрағының құрылысын жүргізіп, қызмет көрсету үшін, Сортөбе ауылы, Лодан Парса көшесі, №18 мекенжайдағы азамат Нуров Гащий Сулеймановичтің, 06-090-083-1747 кадастрлық нөмірдегі, көлемі 0,2470 гектар, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін арналған нысаналы мақсаттағы жер учаскесі мен тұрғын үйді мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын;
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі: 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін;
- Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жылжымайтын мүлік иесінің жүгінетін орны: Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, № 278 үй мекен жайы бойынша орналасқан «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимараты;
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін;
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Қордай ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қордай ауданының әкімі Б. Болатбеков