Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл қоғамның, мемлекеттің және азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған күрделі және жүйелі процесс. Бұл күрес заңнамалық, құқықтық, мәдени және тәрбиелік шараларды қамтиды.
Сыбайлас жемқорлық – бұл лауазымды тұлғалардың өз қызметтік өкілеттіктерін жеке бас пайдасы үшін теріс пайдалануы. Ол пара алу, қызмет бабын асыра пайдалану, мемлекеттік ресурстарды жымқыру сияқты түрлі формада көрінеді.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша халықтың әсіресе жастардың белсенді қатысуымен жүзеге асуы керек. Барлық мемлекеттік мекемелерде адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу, қоғамда пара бермеу мәдениетін қалыптастыру – болашақтың жемқорлықсыз болуына негіз болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесінде: «Жемқорлықпен күреске бүкіл қоғамды жұмылдыру керек «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» деген қағиданы жұрт санасына орнықтыру – барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы». Бұған бір реттік науқан ретінде қарамау керек — деп атап өтті.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың борышы, бұл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, барша қоғамның міндеті. Әрқайсымыз заңды құрметтеп, адал өмір сүрсек, елімізде әділдік орнайды. Тек сонда ғана біз құатты, дамыған, әрі таза қоғамда өмір сүре аламыз.
Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі