ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫН АРАЛАДЫ

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласын аралау барысында Әулиеата ауданына қарасты «Шайқорық» алқабындағы көтерме көкөніс сақтау қоймасының жұмысымен танысты.

Аталған қойманың жалпы сыйымдылығы – 2000 тонна, ал аумағы – 1000 шаршы метрді құрайды. Жобаны жүзеге асыруға 312 млн теңге қаражат бағытталған. Оның ішінде 100 млн теңге «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан қаржыландырылған.

Қоймада -18°С-тан +1°С-қа дейінгі температура режимінде көкөніс және басқа да өнім түрлері сақталады.

Ербол Қарашөкеев көкөніс сақтау қоймалары баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды тетігі екенін алға тартып, кәсіпкердің бастамасына алғыс білдірді.

– Өнімді ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік беретін қоймалар арқылы маусымаралық кезеңде азық-түлік бағасының күрт өзгеруінің алдын алуға болады. Біз мұндай қойма салуға ниетті кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы ардагерлердің игілігі үшін бой көтерген Белсенді өмір сүру орталығын аралап көрді.

Мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.