ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУ – ОҢАЙ!

0

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша Қордай ауданы, Сортөбе ауылы тұрғындарының қатысуымен ашық аспан аясында «Қазақша оңай» әлеуметтік жобасы өткізілді.

Аталған жобаның басты мақсаты – қазақ тілін жеңіл әрі қызықты тәсілдермен үйрету арқылы тілдік орта қалыптастыру және қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту.

Жобаның ерекшелігі – еркін форматта, ашық алаңда өтуінде. Қатысушылар тікелей тілдік ортаға еніп, интерактивті тапсырмалар, ойындар мен жаттығулар арқылы мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, кәсіби тіл мамандары қарапайым сөйлеу үлгілерін үйретіп, қазақ тілін практикалық жағынан қолдануға бағытталған жұмыстар жүргізді.

Ересектерге арналған түрлі викториналар, зияткерлік ойындар мен мәдени шаралар жобаның мазмұнын байыта түсті. Қазақтың әндері, мақал-мәтелдері, ұлттық тағамдары мен ұлттық ойындары кеңінен насихатталып, қатысушылардың мемлекеттік тілге деген құрметі мен қызығушылығы арта түсті.

– Бұл жобаның басты жетістігі – ауыл тұрғындары арасында тікелей тілдік қатынас орнатуға жағдай жасалды. Тілді оқулықтан емес, өмірлік ортадан үйрену – ең тиімді жол, – дейді ұйымдастырушылар.

Ұйымдастырушылар «Қазақша оңай» жобасын облыстың өзге де ауылдарында жалғастыруды жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.