Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 маусымдағы «Мемлекет мұқтажы үшін жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» №198 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

0

Қордай ауылы                   №254                        01 тамыз 2025 жыл

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 маусымдағы «Мемлекет мұқтажы үшін жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» №198 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптарына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің 2025 жылғы 17 маусымдағы «Мемлекет мұқтажы үшін жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» № 198 қаулысының 1 тармағы өзгертіліп, мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қордай ауданы, Сортөбе ауылдық округі аумағындағы Сортөбе ауылы Лодан Парса көшесінің бойындағы 200 келіп — кетуге арналған емхананың автотұрағына қызмет көрсету үшін, Сортөбе ауылы Лодан Парса көшесі, №18 мекенжайдағы азамат Нуров Гащий Сулеймановичтің 06-090-083-1747 кадастрлық нөмірдегі жалпы көлемі 0,2470 гектар жер учаскесінен көлемі 0,07 гектар жер учаскесі бойынша мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлі түрде иеліктен шығару басталсын»;

  1. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін;
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Қордай ауданының әкімі Б.Болатбеков

Жобаны ұсынушы: Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғ.Сейдекеш

Leave A Reply

Your email address will not be published.