ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАУСЫМ АЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 3570,8 тонна ет (сойыс салмақта), 23887 тонна сүт, 7107,9 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 142,4 тонна ет, 299,6 тонна сүт артық, 318,6 мың дана жұмыртқа кем өндірілді. Мал басы өз төлдерінің көбеюі есебінен мүйізді ірі қара мал саны 89047 басқа, қой 484822 басқа, ешкі 9298 басқа, жылқы 20844 басқа, шошқа 588 басқа, үй құстары 110465 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда қой 37264 басқа, шошқа 227 басқа көбейді, мүйізді ірі қара 21522 басқа, ешкі 8998 басқа, жылқы 962, үй құстары 7937 басқа азайды.

БӨЛШЕК САУДА. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 21900255 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 6671937 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 15228318 мың теңгеге сатылды.

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ. Аудан бойынша қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен

(шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда)

23722839 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2024 жылғы сәйкес кезеңге 124,3% құрады.

ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС. Аудан бойынша қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 17327899 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 32980354 мың теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.