2025 жылдың басынан облыс аумағында жанар-жағармай құю станцияларындағы (АЗС) қауіпсіздік талаптарының бұзылу фактілерінен төтенше жағдай орын алған. Осы ретте Төтенше жағдайлар бөлімі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеді.
Бұл ретте, «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі-Заң) 16-бабы, 3-тармағына сәйкес, қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті.
Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидасынның 343-тармағына сәйкес, әрбір автожанармай құю стансасында техникалық құжаттамасы болу керек: автожанармай құю стансасының жобасы, техникалық құрылғылардың паспорттары, техникалық құрылғыларды пайдалануға, жөндеуге қатысты технологиялық регламенті, өндірістік бақылау туралы ережесі. Ал, Қағиданың 637-тармағына сәйкес, мұнай өнімдерін шыны ыдысқа құюға жол берілмейді. Бұл ретте, мұнай өнімдерін полимерлі материалдардан жасалған ыдысқа жіберуге ыдыста немесе оның паспортында оны мұнай өнімдерін сақтау үшін пайдалану мүмкіндігі туралы дайындаушы кәсіпорынның таңбасы болған кезде ғана жол беріледі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығымен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларына» сәйкес, қауіпті өндірістік объектілерді, оның ішінде жанар-жағармай құю станцияларындағы (АЗС) есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыратынын хабарлайды.