Қазақстан бейбітшіліктің бесігі. Оған Ұлы даланы тұрақ еткен барлық жан куә. Ал, бірлік – біздің қасиетті туымыз. Бірлік бар жерде ғана берекелі тірлік болмақ. Қазақстан халқының ауызбіршілігі мықты болғанда ғана еліміз табысқа жетеді, болашағымыз да жарқын болады. Бірлікті қасиет тұтқанда ғана айымыз оңынан туып, күніміз нұрлана түспек. Осыны әсте естен шығаруға болмайды.
Светлана Қожаназарова, Сарысу аудандық Аналар кеңесі төрайымы