Достық пен этносаралық келісімді нығайту

0

Жақында  Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы қарсаңында Қордай ауданында жастарға арналған форум ұйымдастырылды.

Форум жұмысына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудандық мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің жастар өкілдері, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ түрлі салада белсенділік танытып жүрген жастар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты — аудан жастары арасында достық пен этносаралық келісімді нығайту, патриоттық рухты арттыру, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жастарды белсенді қатысуға ынталандыру болды.

Шара барысында сөз сөйлегендер қатарында «Жастар ресурстық орталығы» директоры Айқаныш Исраилова, аудандық мәслихат депутаты Эльдар Апаев, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы директорының орынбасары Төлеген Қыдырбек,«Отечество» славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Станислав Насыров болды. Олар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, ой-пікірлерімен бөлісіп, жастарды ел болашағы жолында белсенді болуға шақырды.

Форум барысында қатысушылар ашық пікір алмасып, түрлі идеялар ұсынды. Бұл аудан жастары арасындағы ынтымақтастықты арттыруға, жаңа бастамалардың пайда болуына және ортақ мақсаттарға ұмтылуға жол ашты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.