Конструктивті диалог

0

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, медициналық қызмет сапасы, тұрғын үй, инфрақұрылым және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

Кездесу барысында әрбір азаматтың өтінісі мұқият тыңдалып, нақты шешу жолдары қарастырылды. Тиісті мекеме басшылары мен сала мамандарына тапсырмалар беріліп, кейбір мәселелер сол жерде жедел түрде шешімін тапты.

Аудан әкімінің орынбасары тұрғындармен ашық әрі конструктивті диалог жүргізіп, барлық көтерілген мәселелердің шешілу барысы өз бақылауында болатынын атап өтті. Сонымен қатар, мұндай қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп отыратынын жеткізді.

Тұрғындар өз кезегінде осындай ашық форматтағы кездесулерге мүмкіндік жасап отырған жергілікті атқарушы билік өкілдеріне алғыстарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.