Жанұя – бірліктің мекені

0

Гвардейск гарнизонында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара жас отбасылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, отбасы институтының маңызын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жиынға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Нұржан Омерзаков, Қордай аудандық мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің Қордай аудандық төрайымы, көпбалалы ана Қарлығаш Қыпшақбаева қатысты.

Кездесу барысында әртүрлі әскери бөлімдерден шақырылған жас отбасылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, отбасы құндылықтары мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты келелі ойлар ортаға салынды. Қатысушылар ұлттық тәрбиенің маңызы, ата-ана жауапкершілігі, отбасылық береке мен бірлік жайында өзара тәжірибе бөлісті.

Дөңгелек үстел аясында айтылған әрбір пікір мен өмірлік мысал жастарға терең ой салды. Шара тәрбиелік мәні зор тағылымды кездесуге айналып, жас отбасылар үшін рухани демеу әрі үлгі бола білді.

Осындай басқосулар отбасы институтын нығайтуға, өскелең ұрпақтың саналы әрі тәрбиелі болып қалыптасуына оң әсер ететіні сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.