Бастауыш партия ұйымдары төрағаларына семинар

0

«AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымдары төрағаларына арналған оқыту семинары Шу ауданында жалғасты. Бұл жолы семинарға Шу, Қордай және Мойынқұм аудандарындағы БПҰ төрағалары қатысты.

Оқыту «Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жетілдіру» және «Әйел аманаты» модулі аясында өткізілуде. Іс-шара партияның Саяси менеджмент академиясының бастамасымен ұйымдастырды.

Семинар барысында қатысушылар партияның стратегиялық құжаттарымен танысып, БПҰ жұмысын тиімді жүргізу жолдарын талқылап, саяси көшбасшылық пен коммуникациялық дағдылар бойынша арнайы бағдарламадан өтуде.

Семинар-тренингті «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Ермұхан Жұмабек жүргізуде.

Айта кетейік, бұған дейін осындай оқыту Жамбыл ауданында өткен болатын. Келер аптада Меркі ауданында жалғасады. Семинардың негізгі мақсаты — бастауыш партия ұйымдарының әлеуетін арттыру, партиялық жобаларды тиімді іске асыру және ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту.

Leave A Reply

Your email address will not be published.