Ауыл спорты ойындарында озық шықты

0

Алматы облысында ауыл спортының ең ірі додаларының бірі – «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды. Төрт жылда бір өтетін бұл спорт мерекесі биыл ерекше ауқымда өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 2000-ға жуық спортшы командалық және жекелей сындарда 20 спорт түрі бойынша өзара бақ сынауда.

Ауыл жастары арасынан үздіктерді іріктеп, олардың кәсіби спортқа жол табуына ықпал етуді мақсат еткен байрақты бәсекеде Қордай ауданының спортшылары да лайықты өнер көрсетіп келеді. Жарыстың алғашқы күндерінде-ақ қордайлықтар жүлделі орындарға қол жеткізіп, аудан абыройын асқақтатты.

Атап айтқанда, кикбокстан 51 кг салмақта Лияров Алим, 54 кг салмақта Фушанло Салим, сондай-ақ 60 кг салмақта Фушанло Шамиль чемпион атанды. Қордай ауданының намысын қорғаған жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.