САПАЛЫ ҚҰРЫЛЫС – ДҰРЫС ЖОСПАРЛАУ МЕН ЖОБАЛАУДАН БАСТАЛАДЫ

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте сәулет және қала құрылысы саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Жиында басқарма басшысы Әлібек Аманбай атқарылған жұмыстарды баяндап, қолайлы орта қалыптастыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

 

Өңірдегі 375 елді мекеннің барлығы қала құрылысы құжаттарымен қамтамасыз етілген. 2025 жылы Тараз қаласындағы 44 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы мен аудандар бойынша 76 елді мекеннің бас жоспарын «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» ақпараттық жүйесіне енгізу жоспарланған.

Қазіргі таңда 5 аудандағы 36 елді мекеннің бас жоспарын, Тараз қаласының 44 егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу және түзету жұмыстары жүргізілуде.

Ал Жамбыл ауданындағы 6, Жуалыда – 7, Мойынқұмда – 15, Т. Рысқұлов ауданында – 7 және Шу ауданындағы 5 елді мекеннің жоспары әлі ақпараттық жүйеге енгізілмеген.

«Сәулеттік бюро» КММ директоры Бауыржан Сұлтанбектің айтуынша, басқармалар мен әкімдіктер ұсынған 61 жобалық-сметалық құжаттамаға талдау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 25-іне келісім беріліп, 15-іне ұсыныс жасалған. Ал 5 ЖСҚ кері қайтарылып, 16-сынан бас тартылған.

Ербол Қарашөкеев аппарат басшылығына кеңесте анықталған кемшіліктерді негізге ала отырып, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің салаға жауапты орынбасарларының жауапкершілігін қарастыруды ескерті.

Кеңес қорытындысында жауапты тұлғаларға барлық елді мекеннің бас жоспарын «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» ақпараттық жүйесіне толық енгізу, «сақалды» құрылыстардың иелерімен келіссөздер жүргізу арқылы жұмыстарды жандандыру тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.