ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

0

Газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында  болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе үстелдің астына кіріңіз — олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.

 

Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.

Егер сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.

Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз.

Қатерге шалдыққандарды қоқыстан арылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды талап етпесе.

Радиоқабылдағышты қосыңыз.

Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз.

Ашық отты пайдаланбаңыз.

Міндетті түрде жинақталған медициналық қобдишаңыз бен өрт сөндіргішіңіз болсын және қолжетімді жерде сақтаңыз. Улыхимикаттары, оңай өртенуші сұйықтықтар мен өзге де қауіпті заттарды сенімді жерде ұстаңыз. Пәтерге газ баллондарын қажет болмаған жағдайда кіргізбеңіз. Электр қуаты көзінің орнын, газ бен су құбырларының магистральді батырмаларын, электр көзін, газ бен токты кенеттен тоқтата біліңіз.

Газдың аз мөлшерде болсын таралуы кезінде оның пәтерге кіруіне тосқауыл қойыңыз, ғимаратты тексеріңіз және телефон нөмірі арқылы «Қалалық газ» 104 қызметіне хабарлаңыз. Оттың ашық көздерін, электр сөндіргіштерді және электр тұрмыстық құралдарын газды толық желденуіне дейін пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Ғимараттың дәліздерін, саты алаңын, апатты және өрт жолдарын бөгде заттармен бекімеңіз. Ыңғайлы жерде құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, қалта шамы мен қосалқы батареяларын ұстаңыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.