ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ

0

Қазіргі заманда ғылым мен технология қарқынды дамып, адам өмірінің барлық саласына еніп келеді. Сол жетістіктердің ішіндегі ең үлкен жаңалықтардың бірі – жасанды интеллект технологиясы. Ол бүгінде тек ғылыми ізденістердің нысаны ғана емес, күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналып отыр.

Жасанды интеллект адамның еңбегін жеңілдетіп, түрлі күрделі міндеттерді қысқа уақытта орындай алады. Мысалы, медицинада ауруларды ерте анықтауға, білім беру саласында оқыту үдерісін жекешелендіруге, ал өндірісте қауіпсіздікті арттыруға көмектеседі. Алайда бұл технологияның дамуымен бірге жаңа қауіптер де туындауда. Роботтардың адам орнын басуы, жалған ақпараттың таралуы немесе жеке деректердің қауіпсіздігі сынды мәселелер қоғамды алаңдатып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, Қазақстан да бұл үдерістен шет қалмауы керек. Ол елді жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні кеңінен енгізу арқылы жаңа экономикалық серпіліске жеткізуді мақсат етіп қойды. Президенттің айтуынша, заманауи технологияларды игеру – елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің басты кепілі.

Қазіргі жастар да бұл бағытта белсенділік танытып, бағдарламалау, деректерді талдау, робот техникасы сияқты салаларды игеріп келеді. Олар болашақта жасанды интеллектіні қоғам игілігіне пайдалану арқылы ел дамуына өз үлесін қосатыны анық.

Демек, жасанды интеллект тек қауіп көзі емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктер әлемінің кілті. Оны дұрыс бағытта қолдану – әр азаматтың, әр маманның және тұтас мемлекеттің жауапкершілігі.

Осы орайда студенттер де жасанды интелектіні игеру жолында еңбек етуді бастап кетті.

 

Асыл Оралхан, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Менеджмент және халықаралық байланыстар факультеті, журналистика бөлімінің студенті

Leave A Reply

Your email address will not be published.