ТҰРҒЫНДАРМЕН ТИІМДІ БАЙЛАНЫС

0

Қордай ауданында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыру жалғасуда. Алдын ала жазылу арқылы азаматтарды жеке қабылдау тұрғындардың өзекті мәселелерін шешудің тиімді құралына айналды.

 

Дүйсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов азаматтарды қабылдады. Кездесуге келген тұрғындар жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет сапасын арттыру және елді мекендерді абаттандыру мәселелерін көтерді.

Талқыланған тақырыптардың қатарында — жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік нысандарды жөндеу, медициналық қызметтің сапасын арттыру және аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсету болды. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, кейбір мәселелер сол сәтте шешімін тапты, ал қалғандары бойынша тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.

— Халықпен диалог — біздің жұмысымыздың ең маңызды бөлігі. Мұндай кездесулер адамдардың шынайы қажеттіліктерін түсінуге және олардың мәселелеріне дер кезінде жауап беруге мүмкіндік береді, — деді Бақыт Онласынұлы.

Азаматтарды тұрақты қабылдау өзінің тиімділігін дәлелдеді: олар билік пен халық арасындағы ашық диалог алаңына айналып, сенімді арттыруға және мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.