Қордай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік өтті. Аталған шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мектеп ұжымдары, жастар ұйымдары және ерікті тұрғындар белсене қатысып, жалпы саны 2 000 түп ағаш отырғызылды.
Аудан әкімі Бегзат Болатбеков акцияға белсене атсалысып, ағаш отырғызып, шараға қатысушыларға табиғатты қорғау — әр азаматтың ортақ борышы екенін атап өтті. Әкім тұрғындармен бірге көшеттерді отырғызып, бұл бастаманың тек бір күндік акция емес, жүйелі экологиялық қозғалысқа айналуы керектігін айтты. Жалпы акция аясында алдағы уақытта Қордай өңірінде қосымша 7 000 түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Шара барысында сенбілікке қатысушылар саябақ аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.