Акцияға «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері де белсенді түрде атсалысты. Олар Шу өзенінің каналы бойында тазалық жұмыстарын жүргізіп, жиналған қоқыстарды арнайы орындарға шығарды. Сонымен қатар, өзен маңын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары да ұйымдастырылды.
Экологиялық шараның басты міндеті – табиғатты қорғау, аудан аумағындағы экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар арасында қоршаған ортаны аялау мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Мұндай игі бастамалар қоғамда экологиялық сана-сезімді арттырып, азаматтардың табиғатқа деген ұқыпты көзқарасын дамытуға ықпал етеді.
«Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың борышы екенін атап өтіп, табиғатты сақтау мен таза ортаны қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыратындықтарын жеткізді.