Құтқарушылар қызметі – бұл ерлік пен адалдықтың, қайсарлық пен жанқиярлықтың символы. Сіздер күн сайын өз өмірлеріңізді қауіпке тіге отырып, басқа адамдардың өмірін, мүлкін, табиғатты және қоғам тыныштығын қорғау жолында аянбай еңбек етесіздер. Әрбір шақыру, әрбір төтенше жағдай – Сіздер үшін жаңа сын, жаңа жауапкершілік, және сол сәтте Сіздер ешқашан артқа шегінбей,
алдыңғы шепте жүресіздер.
Сіздердің қызметтеріңіз – жай ғана мамандық емес, бұл нағыз ерлік мектебі. Апат айтып келмейді, ал Сіздер қандай жағдай болса да, халықтың қауіпсіздігі үшін тәулік бойы дайын тұрасыздар. Су тасқыны, өрт, жол апаты, табиғи апаттар – міне, осындай қиын сәттерде Сіздердің еңбектеріңіз ерекше көрінеді.
Құтқарушының әрбір ісі – адам өміріне деген қамқорлықтың, елге деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Сондықтан да халық Сіздерге сенеді, құрметтейді және ең қиын шақта Сіздерге үміт артады.
Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, батылдықтарыңыз және төзімділіктеріңіз – еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі. Осындай жауапты қызметте Сіздерге мықты денсаулық,
отбасылық амандық және қажымас қайрат тілейміз!
Қай жерде болсын, қандай жағдайда болмасын, Сіздердің еңбектеріңіз ел есінде, халық жүрегінде.