2025 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

0

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес 2025 жылдың 9 айында тиісті жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 28 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: тізбеге сәйкес – 10, жоспардан тыс – 18, оның ішінде, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 6, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 12.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 27-де жалпы сомасы 12 570,7 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 9 711,9 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның 49,2 млн.теңгесі бюджетке өтелуге жатады (22,9 млн.теңге бюджетке өтелді, бұл 46,5%-ды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 773,1 млн.теңге (орындалған жұмыстар мен қызметтер есебінен қалпына келтірілгені 100% құрайды), 8 889,6 млн. теңгесі — бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 29 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 19 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5,4 млн теңге бюджетке толығымен өтелді.

Қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша – 8 741,7 млн.теңге (бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 8 302,1 млн. теңге), бұл 90,0%, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 565,6 млн.теңге – 5,8%, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша аудит жүргізу кезінде анықталды – 404,6 млн.теңгеге, яғни 4,2% құрайды.

Айта кетсек, қаржылық бұзушылықтардың келесі түрлері анықталды, олар:

— бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 8 889,3 млн.теңгеге;

— орындалмаған жұмыстар, көрсетіл-меген қызметтер және жеткізілмеген тауарлар үшін қаражатты төлеу – 122,4 млн.теңгеге;

— Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген пайдаланылмаған қаражатты қайтармау – 249,8 млн.теңгеге;

— жалақы, іссапар және басқа төлемдер бойынша бұзушылықтар – 11,1 млн.теңгеге анықталды.

Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералық бақылауды жүзеге асырады, оның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және болдырмау, мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту және камералдық аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше дербес жою мақсатында құқықтар беру болып табылады.

2025 жылдың өткен кезеңінде 16516 (лот) мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізіліп, өндірілуге тиіс 16661, яғни 99,1 % құрайды, оның ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1416 хабарлама жіберіліп, оның ішінде 1396 орындалды, яғни 98,6% орындалды.

Камералдық бақылау негізінде бұзушылықтарды уақтылы және тиісінше орындамағаны үшін, 8 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жолданды.

Облыстағы мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілері тарапынан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жиі қайталанатын бұзушылықтар:

  1. Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық (аукциондық) құжаттамада мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін талаптар қою.

Мысалыға, құрылысқа қатысты емес жұмыстарды сатып алу кезінде сметалық құжаттамада көрсетілмеген материалдық ресурстардың әлеуетті өнім берушіде бар болуын талап ету.

  1. Демпингтік бағаны есептеуді заңсыз қолдану немесе қолданбау;
  2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу. Техникалық ерекшелікті қазақ немесе орыс тілінде орналастырмау, мемлекеттік стандартты көрсетпеу.

Сонымен қатар, Департамент өз құзіреті шегінде аудит материалдары, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдардан материалдары бойынша, ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы зңнамасы (ҚР Кодексінің 238 бабы) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы (ҚР Кодексінің 207 бабы) бойынша әкімшілік істерді қарайды.

2025 жылдың өткен кезеңінде Департаментте барлығы 322 әкімшілік хаттамалар тіркеліп, оның ішінде: 285 материал қаралып әкімшілік айыппұлдар салынған, 27 материал сотқа берілген.

Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 33,8 млн. теңгеге айыппұл салынып, бюджетке толығымен өтелді.

 

Марат Егембердиев,

Жамбыл облысы бойынша

ішкі мемлекеттік

 аудит департаментінің басшысы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.