«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қордай ауданында әр аптаның сенбі күні жаппай санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылуда.
Аталған іс-шараның мақсаты – ауданның экологиялықмәдениетін арттыру, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету және тұрғындардытабиғатқа жанашырлықпен қарауға шақыру.Акц ия барысында мекеме қызметкерлері, еріктіжастар және жергілікті тұрғындар бірлесіп, көшелер мен қоғамдық орындардықоқыстан тазартып, санитарлық тәртіпті сақтауға үлес қосуда. Қордай ауданында жастар тұрғындар арасында тазалық сақтау бойыншаақпараттық үнпарақтар тараттыСоным ен қатар, «Таза Қазақстан» республикалықакциясы аясында ауданның белсенді жастары экологиялық мәдениетті арттырумақсатында қордайлықтарға тұрмыстық қалдықтарды ретімен сұрыптау, қоғамдық орындарда тазалықты сақтау және табиғатты күтіп ұстау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатта ақпараттық үнпарақтар таратылып, тұрғындарғатұрмыстық тазалық нормаларын сақтау бойынша ұсынымдар берілді.Жастар бас тамасы қоршаған ортаға жауапкершілікпенқарау мәдениетін қалыптастыруға және қоғамды экологиялық тәртіпке шақыруға бағытталды.