ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ — ҮШ БУЫНДЫ МОДЕЛЬ!

0

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында Қазақстанда өкілеттіктердің аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу тапсырылған. Бүгінгі күні Жолдауды іске асыру мақсатында сотқа дейінгі іс жүргізуді түрлендіруге қатысты бірқатар өзгерістер болды.  Үш буынды модель барлық дамыған мемлекеттерде қолданылады. Бұл модель бойынша қылмыстық процеске полиция, прокуратура және сот сияқты үш буын жауап береді.Жыл басынан қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу үшін прокурорлардың негізгі процестік шешімдерін келісу институты енгізілді. Енді күдікті деп тану, күдіктінің әрекетін саралау, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу, тоқтату туралы шешімдер, сондай-ақ айыптау актісі прокурордың келісімінсіз заңсыз болып саналады. Аталған механизм аясында азаматтардың, оның ішінде күдіктінің де, жәбірленушінің де конституциялық құқықтарын қорғауға және қылмыстық процеске негізсіз тарту фактілерін болдырмауға, жалпы тергеп-тексерудің объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңді өткеннен кейін, бұдан әрі негізгі процестік шешімдерді қылмыстық қудалау органдарының тергеушілері емес, прокурорлар қабылдайтын болады. Сол кезде тергеудің әрбір сатысындағы тергеп-тексеру нәтижелерін прокурордың тәуелсіз бағалау рөлі іске асырылады. Яғни, жиналған дәлелдемелерді бағалай отырып, прокурорлар адамды күдікті деп тану туралы шешім қабылдайды, ал тергеп-тексеру қорытындысы бойынша айыптау актісін әзірлеп, сотта айыптауды қолдайды. Бұл шындап келгенде тергеушілер үшін де, прокурорларға да өте қолайлы әрі тиімді қадам болуы анық. Себебі Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес процессуалдық шешімдер дер кезінде келісіліп, істің мән-жайы бірден анықталады. Ең бастысы заңдылықты бұзудың дереу жолын кесу және жазықсыз азаматтардың қылмыстық процеске тартуға жол бермеуге үлкен мүмкіндік береді.

М.Жетігенов,  Қордай ауданы прокуратурасының аға прокуроры

Leave A Reply

Your email address will not be published.