ЖӘРМЕҢКЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА СЕП БОЛДЫ

0

Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында ағымдағы жылдың 25-ші маусымында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты  «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасындағы 90-шы тармағын іске асыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының  жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге қатысушыларға барлығы 165 бос жұмыс орны, оның ішінде: білім саласы бойынша 61, денсаулық сақтау бойынша 19, әр түрлі жұмыстарға  85 бос жұмыс орны ұсынылды. Аталған жәрмеңкеге 12 жұмыс беруші қатысты, оның 10 мемлекеттік мекемеден және 2-і жеке кәсіпкер. Жәрмеңкеге 30-дан астам мүмкіндігі шектеулі азамат қатысты. Нәтижесінде 2 азамат тұрақты жұмысқа қабылданса, 15 азамат жұмыс берушіге сұхбаттасуға жолданды.Сонымен қатар,  мемлекеттік қайтарымсыз гранттар алуға және шағын несие бойынша 5 азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді

 

С.Көпешов,  Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының  директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.