ШЕШІМ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

0

«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының мәжіліс залында  аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Онда 5 адам қабылданды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу, әлеуметтік, қаржылай көмек және өзге де мәселе бойынша сұрақтар түсті. Бұл шара тұрғындардың мәселелерін тыңдау және олардың қажеттіліктеріне жедел жауап беру мақсатында ұйымдастырылды.

Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Бақыт Оңласынұлы  әр мәселеге жеке тоқтап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Сонымен бірге, бірқатар мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Ерекше назар аударған жағдайлардың бірі 89 жастағы кейуананың мәселесі болды. Ол өз үйінің төбесінен су ағып жатқанын айтып, оның жөнделуіне көмек сұрады. Өз кезегінде Бақыт Оңласынұлы кейуананы мұқият тыңдап, аудандық құрылыс бөліміне жуық арада мәселесін шешу жолдарын қарастыруды жүктеді.

Азаматтардың сенімін арттыру және мемлекеттік орган қызметін жақсарту үшін мұндай кездесу өте маңызды. Азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдау – аудан тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған тиімді амал. Мұндай бастамалар қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді байланыс орнатуға, тұрғындардың маңызды мәселелерін дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.