Қақпатас ауылдық округі әкіміне кандидаттар

0

СЕЙДУАЛЫ ҒАЛЫМЖАН ЖҰМАБАЙҰЛЫ

Өмірбаян

СЕЙДУАЛЫ ҒАЛЫМЖАН ЖҰМАБАЙҰЛЫ 1978 жылы 4 маусымда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қақпатас ауылында дүниеге келген. Ұлты: қазақ. Білімі: жоғары.

1995 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Қордай аудандық қаржы бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2008-2010 жж. – «Kaspi Bank» АҚ Қордай аудандық филиалында 3-санатты менеджер.

01.07.2010-17.09.2010 жж. – Қордай ауданы «Орион» ЖШС бас бухгалтері.

2010-2012 жж. – «Нұр Отан» ХДП Қордай аудандық филиалында статистика басқармасының бастығы – бас есепші.

2020-2023 жж. – №3 Абай атындағы орта мектеп директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.

2023-2024 жж. – Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің статисті.

2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Үйленген. 2 бала тәрбиелеуде.

Сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!

Егер мен Қақпатас ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланган жағдайда, ауылдың әлеуметтік экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа отырып, қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосуға ат салысатын боламын:

Менің басты мақсатым Ауылда қалыптасқан тұрақты саяси-қоғамдық ахуалды сақтау;

Қақпатас ауылдық округіне инвестиция тартуға, ауылды көркейту;

Ауыл көлемінде ауыл шаруашылығын өркендетумен қатар, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлікті дамыту;

Халықтың әл-ауқатын көтеруге жұмыс жасау, Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысамын деген тұрғындарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектерді, ауыл тұрғындарына түсіндіріп, шағын және орта кәсіптің барынша дамуына қолғабыс етуге және ауыл тұрғындарының төменгі пайызбен несие алуына, қайтарымсыз грант қаражаттарына қол жеткізуіне;

Ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастар тәрбиесіне арналған іс-шараларды арттыруға;

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды, көп балалы аналарды және осал топтарға жататын азаматтарды қолдау сынды жұмыстарды атқаруға күш салатын боламын.

Халық сенімі мен аманаты мен үшін аса жауапкершілік, үлкен абырой. Сол сенімнен шығу мақсатында еліміздің кемел келешегі үшін ауылды өркендетіп, жогары белестерге көтеру азаматтық борышым деп есептеймін.

Бүгін мен осы мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді жақсартуға болатынын нақты түсінемін!

Мен бұны тек Сіздердің қолдауыңызбен гана жасай аламын!

 

РАХЫМЖАН ШЕРИЗАТ САПАРБАЙҰЛЫ

Өмірбаян

РАХЫМЖАН ШЕРИЗАТ САПАРБАЙҰЛЫ1995 жылы 26 қазанында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келген. Ұлты: Қазақ. Білімі: Жоғары.

2018 жылы Тараз Инновациялық-Гуманитарлық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2015 жылы №18 Сортөбе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.

2018-2019 жж. – №18 Сортөбе орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

2019-2020 жж. – Қордай ауылындағы №51 орта мектептің ІТ маманы;

2020-2024 жж. – №19 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысының орынбасары.

2024 жылдан бүгінгі күнге дейін №19 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы.

Үйленген.

Сайлауалды бағдарламасы

Құрметті Қақпатас ауылдық округінің сайлаушылары!

Егер мен Қақпатас ауылдық округі әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік –экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа отырып, ауыл тұрғындарының мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін дамытуға, ұлтаралық келісімді нығайтуға, ауылға лайықты қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында шаралардың іске асырылуына ат салысатын боламын:

2026-2029 жылдары аралығында ауылдық округті абаттандыру, көгалдандыру және күрделі ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

2026-2029 жылдары аралығында жұмыспен қамтудың тиімділігі және баспанамен қамтуға;

Халық арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге;

Ауылдық округ тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауды арттыруға үлесімді қосамын.

2025-2028 жылдары аралығында барлық жастағы тұрғындарға арналған заманауи жабдықталған спорт алаңдары мен балалар ойын алаңдарының салынуына ықпал етемін.

Қосымша қаржыландыру көздерін іздеймін.

Кәсіпкерлік бастамаларды көтермелеу, ауылда шағын және орта бизнесті дамытуға;

Ауылдың көрнекті тұлғаларының мәдени-рухани мұрасын насихаттауға үлесімді қосамын.

Мен өз сайлаушыларымның әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға қатысамын.

 

МАЙБАСАРОВ РУСТЕМ БУЛАТОВИЧ

Өмірбаян

МАЙБАСАРОВ РУСТЕМ БУЛАТОВИЧ 1991 жылдың 24 шілдесінде Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

2013 жылы Қазақстан-Ресей университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы Жастар тәжірбиесі бойынша, Жамбыл облысы Қордай ауданы бойынша салық басқармасының қызметкері болып бастаған.

2011-2011 жж. – Жастар тәжірбиесі бойынша, Қордай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкері.

2014–2014 жж. – Қордай ауданының мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы.

2017–2017 жж – Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты статисті

2020–2020 жж – Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінеің бас маман м.а.

2020–2021 жж – Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы.

2021 жылдан бүгінгі күнге дейін –Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Үйленген.

Сайлауалды бағдарламасы

Егер мен Қақпатас ауылдық округі әкімі лауазымына сайланған жағдайда, көрсетілген мәселелерді ауылда жүзеге асыруға үлес қосамын;

Ауылдық округтегі кәсіпкерлікті дамыта отырып, жергілікті салықтардан түсетін кіріс көздерін ауылдағы қауымдастық кеңес және ардагерлер кеңесінің мүшелерімен ақылдаса отырып қажетті шаруаға жұмсау, ауылдың жағдайын ары қарай жақсарту үшін күш жігерімді саламын;

Ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан берілетін барлық жеңілдіктер мен қаржылай қолдауға шаруа қожалықтарының қолжетімдігін қамтамасыз етемін;

Ауылда қоғамдық тәртіптің сақталуына, ауыл жастарының тәрбиесі бойынша жүйелі жұмыстар жүргіземін;

Ауылдағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, қарттарға, мүгедектерге және көп балалы аналарға әлеуметтік және қайрылымдық көмек көрсетуге ықпал етемін;

Алдағы уақытта әлуметтік сала, экономика, инфроқұрылымның дамуына, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, атқарылып жатқан өзге де саяси бағыттардың жүзеге асуына үлес қосамын.

Ауылдағы жайылым жерлер мәселесін қарастыруға ықпал етемін.

Қорыта айтқанда менің алға қойған басты міндеттерім ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыта отырып, келешекте одан ары көркейіп гүлденуіне барынша өз үлесімді қосамын.

 

РАХИМБАЕВ ҒАЛЫМЖАН СЕРИКБАЕВИЧ

Өмірбаян

РАХИМБАЕВ ҒАЛЫМЖАН СЕРИКБАЕВИЧ 1987 жылғы 03 мамырында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Ноғайбай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

2009 жылы — Қазақ қатынас жолдары университетін «қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2010 жылы, Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік жұмыстар маманы болып бастаған.

2015-2015 жж – Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің хатшысы.

2015-2016 жж – Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің инспекторы.

2016-2016 жж – Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші маманның м.а.

2016-2018 жж – Жамбыл облысы Қордай ауданы Ноғайбай ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші маманы.

2018-жылдан бүгінгі күнге дейін, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Үйленген, 1 бала тәрбиелеуде.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Егер мен Қақпатас ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланатын болсам, ауылдың дамуына бағытталған келесі басым бағыттарды жүзеге асыруға күш саламын:

— Ауылдағы кәсіпкерлік саласын дамытуды қолдап, жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен кірістерді тиімді пайдалану мақсатында ауыл ақсақалдары, және тұрғындармен бірлесе отырып шешім қабылдаймын;

— Жастар тәрбиесі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мәдени және спорттық іс-шараларды жандандырып, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етемін;

— Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға, көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсетуді жергілікті кәсіпкерлер мен ұйымдармен бірлесе отырып жолға қоямын;

— Ауыл инфрақұрылымын (жол, жарық, ауыз су, интернет) жақсарту бағытында жобалар әзірлеп, тиісті бағдарламаларға қатысып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жұмыс жүргіземін;

— Жайылымдық жерлердің қолжетімділігін арттыру, жерді тиімді пайдалану, жер дауларының алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылдаймын;

— Ауыл тұрғындарының құқықтық сауатын арттыруға бағытталған кездесулер, түсіндіру жұмыстары мен семинарлар ұйымдастырамын.

Менің басты мақсатым – Қақпатас ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуына адал еңбекпен үлес қосып, ауылымызды көркейту мен өркендету жолында халықпен бірге еңбек ету.

Leave A Reply

Your email address will not be published.