2021 жылдың 21-26 маусымы аралығында Түркістан облысы Шардара қаласында дзюдодан 2006-2007 жылы туылған жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты додаға үш жүзден аса спортшы қатысып, өз бақтарын сынады.
Ел біріншілігіне Қордай ауданындағы №17 спорт мектебінің шәкірті, дзюдо бөлімінің спортшысы Сезім Өтеулі 52 келі салмақта өнер көрсетті. Өз салмақ дәрежесінде ешкімге дес бермеген жерлесіміз Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Айта кетсек, Сезім Өтеулі Қордай ауданы Қақпатас ауылындағы №30 орта мектебінде 8 сыныпқа дейін оқыған. Қазіргі таңда Сезім Тараз қаласында жеткіншектерді Олимпиадалық резервін даярлау спорт мектебі интернатында оқиды. Сезімнің бапкері Қордай ауданындағы №17 спорт мектебінің дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы Ахан Мустафин.