Отар ауылы 04.12.2025 жыл.
Жиналыс төрағасы: Д. Есимов – Отар ауылдық округінің әкімі
Жиналыс хатшысы: А.Журумбаев – Отар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Жиналысқа қатысқандар:
Жергілікті қоғамдастық мүшелері: 16 адам;
Көше тұрғындары: 10 адам.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Отар ауылындағы Қопа көшесін Жалғас Кельдыбаев көшесі деп қайта атау туралы.
Тындалды: Д.Есимов – Отар ауылдық округінің әкімі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес («Әкімшілік – аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктердің атауларын беру, нақтылау және транскрипцияларын өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескру қағидаларын бекіту туралы») Отар ауылындағы Қопа көшесін Жалғас Кельдыбаев көшесі деп қайта атау туралы түскен ұсыныс бойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз. Өз пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді сұраймын.
Анықтама үшін (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы. 19 –бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртібі. Әкімшілік – аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай – ақ басқа да физикалық – географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады).
Сөйлегендер: Е.Алдаркосеев, Т.Терликбаев, О.Секеева — жергілікті қоғамдастық мүшелері: Отар ауылындағы Қопа көшесін Жалғас Кельдыбаев көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдаймыз.
Сөйлеген: С.Молдажанов – жергілікті қоғамдастық мүшесі: Отар ауылындағы Қопа көшесін Жалғас Кельдыбаев көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдай отырып, біз бұны орынды деп санаймыз. Жалғас Кельдыбаев әскерден кейін 2014 жылы Алматы қаласындағы Ішкі істер департаментінде 3 ай тағылымдамадан өтіп, жергілікті жол – потрульдік полиция қызметіне қабылданған. 2016 жылы Алматы қаласында өз қызметін атқару барысында қылмыскер қолынан ауыр жараланып, қаза болды. Бұл бастама өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде үлкен маңызға ие деп есептейміз.
Сөйлеген: Г.Чаймухамедова — Қопа көшесінің тұрғыны. Көшеге қайта атау беру мәселесіне байланысты өткізіліп жатқан жиналыс дұрыс деп ойлаймын. Ономастикалық атауларды реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты толық қолдаймын.
Тыңдалды: Д.Есимов – Отар ауылдық округінің әкімі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес, елді мекендердің әкімшілік – аумақтық бірліктеріне, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау кезінде жергілікті халықтың пікірін ескеру тәртібімен, сондай-ақ ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында Отар ауылындағы Қопа көшесін Жалғас Кельдыбаев көшесі деп қайта атау туралы мәселе бойынша ашық дауыс беру өткізілді.
Қолдағандар: 26 адам;
Қарсы болғандар: 0 адам;
Қалыс қалғандар: 0 адам.
Округ әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Отар ауылындағы Қопа көшесін Жалғас Кельдыбаев көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты ауыл тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілігі қолдағанын хабарлады.
ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:
- Отар ауылындағы Қопа көшесі Жалғас Кельдыбаев көшесі деп қайта аталсын.
- Жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, жергілікті және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен бұл ұсынысты облыстық онамастика комиссиясының қарауына енгізілсін.
Жиналыс төрағасы Д. Есимов
Жиналыс хатшысы А. Журумбаев