Биылғы жылғы ауа райының қолайсыздығы шаруаға сынақ болып тұрғаны рас. Әсіресе «Қыс шанасын жазда сайлаған» жандарға ауыр болып отыр. Осыны ескерген Үлкен Сұлутөр ауылындағы Серік Ермеков басқаратын «Сұлутөр» шаруа қожалығы шөп шабу науқанында шабылған шөпті сыртқа шығармай алдымен ауылдастарын қамтуға кіріскен. Бұл бастама округте қолдау тауып, бүгінде шаруалар алдымен өздерін, үйінде уақ малы бар азаматтарды қамту үшін іске кіріскен. Сұлутөрліктердің бұл бастамасы өзгелерге үлгі боларлық.