Қордай ауданы Масанчин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының №1 ХАТТАМАСЫ

0

Масанчи ауылы                                         15.12.2025 жыл.

Жиналыс төрағасы: Х.Буларов — Масанчи ауылдық округінің әкімі

Жиналыс хатшысы: В.Махоткина — Масанчи ауылдық округі әкімдігі аппаратының бас маманы

Жиналысқа қатысқандар:

жергілікті қоғамдастық мүшелері – 11 адам;

көше тұрғындары – 41 адам.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Күнбатыс-1 ауылындағы Жіңішке көшесін Анварбек Байбатчаев көшесі деп қайта атау туралы

Тыңдалды: Х.Буларов – Масанчи ауылдық округінің әкімі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес («Әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларын беру, нақтылау және транскрипцияларын өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескру қағидаларын бекіту туралы») Күнбатыс-1 ауылындағы Жіңішке көшесін Анварбек Байбатчаев көшесі деп қайта атау туралы түскен ұсыныс бойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз. Өз пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді сұраймын.

Анықтама үшін (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы. 19-бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртібі. Әкімшілік – аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақбасқа да физикалық-географиялық обьектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады).

Сөйлегендер: Смағұл Қ. – жергілікті қоғамдастық мүшелері: Күнбатыс-1 ауылындағы Жіңішке көшесін Анварбек Байбатчаев көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдаймыз.

Сөйлеген: Абдухаимов А. – жергілікті қоғамдастық мүшесі: Күнбатыс-1 ауылындағы Жіңішке көшесін Анварбек Байбатчаев көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдай отырып, біз бұны орынды деп санаймыз. Анварбек Байбатчаев (1962-1986 жж.) Жамбыл облысы Қордай ауданы Күнбатыс-1 ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1983 жылдан бері қызмет еткен.1986 жылдың 18 шілдесінде өз қызметін атқару барысында, шабуыл жасаған қылмыскерден өзінің денесімен медбике әйелді көлегейлеп, қаруды алып қоюға тырысады. Екі рет ауыр жарақат алып, оқиға орын алған жерде қайтыс болады. 1987 жылы 9 қаңтарда Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының №055350 Жарлығымен «Қоғамдық тәртіпті сақтаудағы мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.

Сөйлеген: Терекбаев Ұ. – Жіңішке көшесінің тұрғыны. Көшеге қайта атау беру мәселесіне байланысты өткізіліп жатқан жиналыс дұрыс деп ойлаймын. Ономастикалық атауларды реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты толық қолдаймын.

Тыңдалды: Х.Буларов – Масанчи ауылдық округінің әкімі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес, елді мекендердің әкімшілік-аумақтық бірліктеріне, олардың құрамдас құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау кезінде жергілікті халықтың пікірін ескеру тәртібімен, сондай-ақ ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында Күнбатыс-1 ауылындағы Жіңішке көшесін Анварбек Байбатчаев көшесі деп қайта атау туралы мәселе бойынша ашық дауыс беру өткізілді.

Қолдағандар: 52 адам;

Қарсы болғандар: 0 адам;

Қалыс қалғандар: 0 адам.

Округ әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Күнбатыс-1 ауылындағы Жіңішке көшесін Анварбек Байбатчаев көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты ауыл тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілігі қолдағанын хабарлады.

ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:

  1. Күнбатыс-1 ауылындағы Жіңішке көшесі Анварбек Байбатчаев көшесі деп қайта аталсын.
  2. Жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, жергілікті және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен бұл ұсынысты облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

Жиналыс төрағасы                    Х.Буларов

Жиналыс хатшысы                    В.Махоткина

Leave A Reply

Your email address will not be published.