Аймағымызға жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Жамбыл облысының бірқатар тұрғындарын мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Марапатталғандардың қатарында Қордай ауданының екі тұрғыны да бар. Адал еңбекпен өмірі өрілген жандарға осы күні Тараз қаласында құрмет көрсетілді.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының Қордай газ шаруашылығында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі Сапарбаев Сұнғат Болатханұлы мен «Қақпатас-Қордай» ЖШС-нің бас сауыншысы Бекназарова Зульфия Бисенбайқызы Президенттің Алғыс хатымен марапатталды.