Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілерге түсіндіру, қолдау көрсету жөніндегі «Халық бухгалтері» акциясы басталғанын хабарлайды. Акция ресми түрде дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 09:00-13:00 дейін Қордай ауылы, Домалақ ана көшесі, № 207 мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Кімдерге арналған:
Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне.
Қандай көмек көрсетіледі:
Келесі мәселелер бойынша түсінікті әрі практикалық кеңестер беріледі:
- бухгалтерлік есеп;
- салықтық есептілік;
- ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу.
Жұмыс форматы:
Негізгі формат — қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау.
Кеңес берушілер:
- кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
- бухгалтерлік қауымдастықтардың өкілдері;
- заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері.
«Халық бухгалтері» акциясы — салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам.
Алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алуға және консультациялық қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған қосымша шаралар іске асырылатын болады.