Мүфтияттың мәліметінше, биыл Ораза айы 19 ақпан мен 19 наурыз аралығына түсіп отыр. Қадір түні 16-17 наурыз. Ал, ораза айт – 20 наурыз күні болады. Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында мерекеленеді.
«Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.