ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

0

Қордайдағы «Цемзауыт» ықшам ауданындағы 5 Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық полиция бөлімі бірлесіп «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру кездесуін өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері оқушыларға кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, түнгі уақытта ата-анасыз жүру тәртібі, буллингтің алдын алу, интернет қауіпсіздігі және зиянды әдеттердің салдары туралы нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріліп, сұрақ-жауап форматында еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Кездесу соңында қатысушыларға заң талаптарын сақтау, тәртіпті болу және қауіпсіз орта қалыптастыру әр азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.

Аталмыш іс-шаралар аудан бойынша жалғасын таба бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.