Кездесу барысында шаруашылық және ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімдерін беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру, медициналық қызмет көрсету, сондай—ақ жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар өңір тұрғындарының жеке өтініштері мен ұсыныстары талқыланды.
Ербол Қарашөкеев азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді. Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, шұғыл өтініштер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі