АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

0

Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков тұрғындарға арналған қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл шараға аудандық мекеме, бөлім басшылары мен жергілікті азаматтар қатысты. Барлығы 15-ке жуық тұрғын келіп, өз өтініштерін білдірді.

Қордай, Масаншы, Әлжан ана, Степное, Шарбақты ауылдарынан қабылдауға келушілер – әлеуметтік осал топ ретінде тұрғын үй алу, материалдық көмек алу, жер, мемлекеттік бағдарламалар, инфрақұрылым мәселелері туралы сұрақтармен қайырылды.

Әкім, «Біздің міндетіміз – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту», — дей отырып, тұрғындардың құқығын қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Кейбір өтініш-арыздар бірден шешімін тапса, басқа мәселелер, оның ішінде тұрғын үй алу мәселелері жан-жақты зерделеніп, әрі қарай қарастырылатын болды.

Аудан әкімінің халықпен тікелей байланыс орнатуы тұрғындардың мәселелерін түсініп, оларды жылдам шешуге мүмкіндік береді.

Азаматтардың мұндай кездесулерге қатысуы, әкімдіктің халықпен ашық байланыс орнатуына ықпал етеді.

Мұндай шаралар – тұрғындар мен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды бастама.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында осындай іс-шаралар халықтың сенімін арттыруға және әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік беріп отыр.

Алдағы уақытта Қордай ауданында тұрғындардың құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу жұмыстары одан әрі жандана түсетіні сөзсіз.

Әділет САТЫШЕВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.