Отырысты фракция жетекшісі Б. Жамангозов ашып, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, Конституцияның барлық бөлімдерін қамтитын 77 бапқа өзгерістер енгізу көзделіп отырғаны және Конституцияның жаңа редакциясын әзірлеу мәселесі күн тәртібіне шығарылғаны атап өтілді.
Сонымен қатар фракция мүшелері Қ. Қыпшақбаева мен А. Омар сөз сөйлеп, конституциялық реформаның қоғам мен мемлекет дамуы үшін айрықша маңызға ие екенін жеткізді. Олар реформаның ашық әрі жария түрде жүзеге асырылып жатқанын, ал түпкілікті шешім жалпыұлттық референдум арқылы қабылданатынын атап өтті. Өз сөздерінде реформаның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, саяси жүйені жаңғыртуға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталғанын баса айтты.