Бетқайнар ауыл шаруашылық колледжінің студенттерімен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өтті.

0

Amanat партиясы Қордай ауданы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен Қордай ауданына қарасты Бетқайнар ауыл шаруашылық колледжінің студенттерімен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өтті.

Кездесу барысында жастар Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің маңызы, оның ел дамуына және азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындаудағы рөлі туралы пікір алмасты. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, студенттер өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік алды.

Жиынға Amanat партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Тілебалдыұлы қатысып, Конституция жобасының қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.
Кездесу соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.