Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын түсіндіруге арналған кездесу ұйымдастырылды.

0

 

Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Н. Садыков және Жамбыл ауылдық округінің әкімі А. Бірімқұлов қатысып, конституциялық реформалардың мазмұны мен маңыздылығы жөнінде баяндама жасады. Спикерлер ұсынылып отырған өзгерістердің мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

Іс-шара барысында ауыл тұрғындары пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.